Жетісу облысында биылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы қысқа мерзімдік экономикалық индикатор 105,0% құрады. Негізгі салаларда тұрақты өсім байқалады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, өткен 9 айда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 363,6 млрд теңгені құрап, өсім 29,8% болды. Ал ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім көлемі 363,6 млрд теңгеге жетіп, 2,7 % өсім байқалды.
Көлік қызметінің көлемі 175,6 млрд теңге, яғни өсім 16,5% , ал байланыс саласында – 8,6 млрд теңге, өсім 10,5% болды. Сауда көлемі 884,2 млрд. теңге, НКИ - 111,7%.
Аталған мерзімде өңірге 270,7 млрд теңге инвестиция тартылса, соның 189,4 млрд теңгесі – жеке инвестициялар.
Экономиканың барлық салаларына 18 650 адам жұмысқа орналастырылса, тұрақты жұмыс орындарына 11 520 адам жіберілді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фототілшілер: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев








