ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ МЕРЕКЕСІ – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    Жетісу облысының әкімі

    Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың

    25 қазан – Республика күніне

    арналған құттықтауы

    Құрметті жетісулықтар!

    Еліміздің басты ұлттық мерекесі – Республика күніне орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз.

    Биыл ел Тәуелсіздігіне 35 жыл толып отыр. Осы мерейлі жыл ауқымды өзгерістерге толы болды. Халқымыз бүкіл ел болып жаңа Конституцияны қабылдады. Қазақстанды жан-жақты жаңғыртуға бағытталған конституциялық реформалардың жалғасы ретінде Құрылтай сайлауы өтті. Жаңа қоғамдық институт – Қазақстан Халық Кеңесі қалыптасты. Алдағы қараша айында барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтеді. Мұның бәрі – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформаның негізінде жасалған маңызды қадамдар.

    Мемлекеттік жүйені жаңғыртуға, сондай-ақ халықтың ел басқару ісіне қатысуын қамтамасыз етіп, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бұл реформаны жүзеге асыруда «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» қағидаттары, «Таза Қазақстан» бағдарламасы бізге басты бағдар болып отыр.

    Осы орайда ортақ мақсаттарға белсене атсалысып, күнделікті қажырлы қызметімен ел дамуына сүбелі үлесін қосып жатқан барша жетісулықтарға ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да адал еңбекпен, береке-бірлікпен ел игілігіне бірлесіп қызмет ете береміз деп сенемін.

    Баршаңызға мықты денсаулық, толайым табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.

    Отанымыз – Қазақстан гүлденіп-көркейе берсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының әкімдігі" жаңалықтары