1 / 4
Ақтау қаласында жолдардың жай-күйін жақсарту және көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті шұңқырлы жол жөндеу жұмыстары түнгі ауысымда атқарылды.
Жөндеу жұмыстарына 5 бірлік арнайы техника мен 10-нан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды. Нәтижесінде 300 шаршы метрге жуық жол жабыны қалпына келтірілді.
Айта кетейік, жыл басынан бері қала аумағында жалпы 15 200 шаршы метр жол жабыны шұңқырлы жөндеуден өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі









