Абай облысында демалыс күндеріндегі қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған гарнизондық саптық жиын өтті

    Тәртіп пен жауапкершілік – қауіпсіз қоғамның берік негізі.

    Семей қаласында Бірыңғай профилактика күні аясында дәстүрлі гарнизондық саптық жиын өткізілді. Апта сайын ұйымдастырылатын бұл іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Жиын барысында жеке құрамға қызметтің басым бағыттары түсіндіріліп, құқық бұзушылықтардың жолын кесу, қоғамдық орындарда тәртіпті қадағалау және азаматтардың тыныштығын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ қызметтік міндеттерді мінсіз орындау, әрбір жағдайға сақтықпен қарау және құқық бұзушылықтардың алдын алуда қырағылық таныту қажеттігі атап өтілді.

    Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік, ал тәртіп – тұрақтылықтың кепілі.
    Осындай жүйелі профилактикалық шаралар құқықтық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

    Қоғам тыныштығын сақтау – күнделікті міндет қана емес, ел алдындағы жауапкершілік!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары