ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ЖІГЕР: АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ІІМ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА!

    Абай облысы Полиция департаментінің құрама командасы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионатына қызу дайындық жүргізуде.
    27–29 қазан күндері Павлодар қаласында өтетін жарыста полицейлер өздерінің күш-жігерін, төзімділігі мен кәсіби шеберлігін сынға салады.
    Қазіргі уақытта спортшылар физикалық және техникалық дайындықтарын жетілдіріп, жаттығуларын күшейтуде.

    Командамызға сәттілік, қайсар рух және жарқын жеңістер тілейміз!

    Мықты рух. Темірдей тәртіп. Жеңіске деген жігер!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары