ІІМ«ARLAN» СПОРТ КЛУБЫ – БАЛАЛАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

    Абай облысы Полиция департаментінің «ARLAN» спорт клубы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ қолайсыз және аз қамтылған отбасылардың балаларын спортқа баулуға ерекше көңіл бөлуде.

    Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын нығайту және дене дайындығын арттыру мақсатында тегін спорттық секциялар ұйымдастырылуда.

    Осы бағыттағы жұмыстар аясында балалар Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешеніне барып, спорт нысанының мүмкіндіктерімен танысты. Мұндай шаралар жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануына серпін береді.

    Бүгінде балалар мен жасөспірімдерге спорттың 7 түрі бойынша тегін секцияларға қатысуға мүмкіндік жасалған.

    ІІМ«ARLAN» спорт клубы жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың қабілеттерін дамытуға және салауатты болашақ қалыптастыруға өз үлесін қосуда.

    Спорт – тәртіпке, табандылыққа және жарқын болашаққа бастар жол!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары