Энергетика министрлігінде мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша семинар өтті

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге арналған «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын түсіндіру» тақырыбында құқықтық оқыту семинары өтті.

    Баяндамашы ретінде ҚР Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру басқармасының басшысы Айсұлу Қыстаубаева сөз сөйледі.

    Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының негізгі ережелері, сондай-ақ ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары қарастырылды.

    Қатысушыларға қолданыстағы заңнама нормалары мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін реттейтін негізгі талаптар түсіндірілді.

    Іс-шараға Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялардың өңіраралық басқармаларының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері қатысты.

    Оқыту семинары мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарының тиісінше қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" жаңалықтары