1 / 2
Бескөл ауылдық округінде жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткінің зияны туралы түсіндіру мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты акция өткізілді.
Акция барысында нашақорлықтың адам денсаулығына, болашағына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жастарға зиянды әдеттерден аулақ болып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы айтылды.
Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыру, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және нашақорлықтың алдын алу.
Нашақорлыққа жол жоқ! Есірткісіз өмір – жарқын болашақтың кепілі!








