
Қарттар күніне орай Бескөл ауылдық округінің әкімі Н. М. Бейсембаев елді мекеннің қоғамдық-әлеуметтік дамуына өзіндік үлесін қосып, елеулі еңбек атқарған Ашимова Роза Абзановнаны арнайы құттықтады.
Кездесу барысында Роза Абзановнаға ұзақ жылдар бойы атқарған еңбегі, елге сіңірген қызметі мен кейінгі ұрпаққа берген өнегесі үшін зор алғыс білдірілді.
Құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылып, деніне саулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр және әр күнінің қуанышқа толы болуына тілектестік білдірілді.
Үлкенге құрмет — ұрпаққа үлгі.
Қарияларымыздың ақ батасы мен өнегелі өмір жолы — кейінгі буын үшін баға жетпес қазына.









