Бескөл ауылдық округінде лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділіктің) алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында құмар ойындарға тәуелділіктің қоғамға, отбасына және адамның психологиялық жағдайына тигізетін кері әсері туралы айтылды. Қатысушылар лудоманияның алдын алу жолдарын, оның белгілерін, сондай-ақ жастар арасында құмар ойындарға қызығушылықтың артуына жол бермеу мәселелерін талқылады.
Дөңгелек үстел барысында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастарды зиянды әдеттерден аулақ ұстау бағытында пікір алмасу жүргізілді.
Осындай профилактикалық шаралар қоғамда жауапкершілікті арттыруға, құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алуға және жастардың саналы өмірлік таңдау жасауына ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








