2026 жылғы 23 қазанда Республика күніне орай Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп – ел тұрақтылығының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – заң үстемдігін қамтамасыз ету, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру мәселелерін талқылау.
Дөңгелек үстелге арнайы қонақтар қатысты:
-Аққожин Саян Сағынтаевич – Қазыбек би аудандық сотының судьясы;
-Бейсенбеков Қайрат Мұратұлы – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі;
-Текебаев Кенесарыхан Алмазұлы – Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы адвокатының көмекшісі, Қазақстандық заң консультанттары палатасының мүшесі.
Сонымен қатар дөңгелек үстел жұмысына университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Кездесу барысында заң мен тәртіптің қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызы, адам құқықтарын қорғау, заң алдындағы теңдік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әділетті қоғам қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, құқықтық мемлекетті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
Осындай ғылыми-тәжірибелік кездесулер білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, болашақ заңгерлердің кәсіби көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.
Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы, заң үстемдігі берік болсын!









