Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі К. М. Бейсенбеков, Қарағанды облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл И. Б. Киселёва және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының Қарағанды облысынан мүшесі А. А. Джумальдинов Қарағанды қаласындағы № 1 арнайы мектеп-интернатқа барды. Сапар барысында тәрбиеленушілердің оқу және тұру жағдайларымен, тамақтану, медициналық қызмет көрсету және бос уақытын ұйымдастыру мәселелерімен, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуымен танысты.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қауіпсіз әрі қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Сапар аясында А. А. Джумальдинов тәрбиеленушілерге арналған «Менің құқығым бар» диалог клубын өткізіп, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары туралы дәріс оқыды. Ұсынылып отырған бейнероликті мектеп-интернаттың оқушылары өздері дайындап, оған шығармашылық қабілеттерін, еңбектерін және жүректерінің бір бөлшегін арнады.









