Мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасып, өз мамандығы бойынша еңбек етуіне мемлекет қолдау көрсетіп келеді. Олар жұмыс тауып қана қоймай, білімін жетілдіріп, тәжірибе жинауға да мүмкіндік алады.

    🇰🇿 Мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасып, өз мамандығы бойынша еңбек етуіне мемлекет қолдау көрсетіп келеді. Олар жұмыс тауып қана қоймай, білімін жетілдіріп, тәжірибе жинауға да мүмкіндік алады.
    Соның бірі – Астана қаласының 21 жастағы тұрғыны Виктория Навольская. Ол бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығын тәмамдаған. Биыл 1 қыркүйекте Мансап орталығының көмегімен Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығына аналитик болып жұмысқа орналасты. Қазір жаңа міндеттерді меңгеріп, кәсіби тәжірибесін арттырып жүр. Ал бос уақытында садақ атады. Болашақта осы бағытта дамып, спорттық жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр.
    Виктория үшін жұмыс орнындағы қолжетімді жағдай мен әріптестерінің қолдауы маңызды. Оның айтуынша, мұның бәрі жаңа ортаға тез бейімделіп, өзін еркін сезінуге көмектескен.
    ▶️ Викторияның жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы толығырақ бейнематериалда.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары