1 / 4
Ауыл тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында жүргізілген жаяу жүргіншілер жолының құрылысы толық аяқталды.
Аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге, жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасауға және ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.
Елді мекеннің көркейіп, абаттандырылуы – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.
Ауылымыздың игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.









