1 / 2
Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі К. М. Бейсенбеков Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен бірлесіп, Қарағанды қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мектеп-интернатқа барды.
Сапар барысында балалардың тұру және білім алу жағдайлары, тамақтандыруды ұйымдастыру және медициналық сүйемелдеу мәселелері зерделенді. Білім алушылардың құқықтарының сақталуына, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қатыгездікпен қараудың алдын алуға ерекше назар аударылды.









