Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі К. М. Бейсенбеков Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі К. Н. Черноморскаямен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесінің № 29 мекемесіне барды

    1 / 18
    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі К. М. Бейсенбеков Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі К. Н. Черноморскаямен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесінің № 29 мекемесіне барды.
    Сапардың мақсаты сотталғандардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу, олардың ұстау жағдайларын зерделеу, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу мәселелерін қарастыру болды.
    Сапар барысында медициналық бөлім, өндірістік аймақ, тәртіптік оқшаулау изоляторы (ТOИ), карантиндік бөлімше, жасақтардың тұрғын үй-жайлары, асхана және мекеменің клубы қаралды.
    Медициналық қамтамасыз ету, тамақтануды ұйымдастыру, еңбекпен қамту, санитариялық-тұрмыстық жағдайлар және сотталғандарды ұстауға қойылатын белгіленген талаптардың сақталуы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ өтініштер беруге арналған терминалдар мен бейнебақылау жүйесінің жұмысы зерделенді.
    Сапар аясында сотталғандарды жеке қабылдау өткізіліп, оларды қызықтырған мәселелер қаралды, құқықтық түсіндірмелер беріліп, бұзылған құқықтарды қорғау және қалпына келтіру тетіктері бойынша консультациялар ұсынылды.
    Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілі мен Үйлестіру кеңесі мүшесінің өзара іс-қимылы бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі күш-жігерді біріктіруге, превентивтік мониторингті дамытуға және адам құқықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін мән-жайларды уақтылы анықтауға ықпал етеді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі" жаңалықтары