ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ОРАЛҒА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

    1 / 4

    ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ОРАЛҒА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

    Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов өңірге жұмыс сапары аясында Орал қаласында өткен «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» атты республикалық форумға қатысты. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының VIII шақырылым төрағасы Мұрат Мұқаев, мыңнан астам қоғам өкілі, белсенді аналар мен сарапшылар жиналды.

    Форумның ашылуында Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, Президент құттықтауындағы жаңа Конституцияның құндылықтарын кеңінен насихаттау, ұлттық тәрбие мен қоғамдық мәдениетті нығайту, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын қоғам өміріне орнықтырудың маңыздылығына тоқталды.

    Форум барысында өңірдегі отбасы институтын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да атап өтілді. Қазіргі таңда облыста 150-ден астам Аналар кеңесі, барлық аудандар мен Орал қаласында Отбасын қолдау орталықтары жұмыс істейді.

    Сонымен қатар, әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайын жақсарту, жастарды жұмыспен қамту, әйелдер құқығын қорғау, кітап оқу мәдениетін дамыту және ұрпақ тәрбиесі секілді өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

    Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныс айтылды. Аталған ұсыныстар Қазақстан Халық Кеңесінің алдағы жұмысы аясында қарастырылатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты" жаңалықтары