«Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ Ұзынкөл ауданының аумағында орналасқан балық шаруашылығына арналған Кривое, Бугроватое және Моховое көлдері су айдындарын кәсіптік балық аулауды жүргізу мақсатында бекіту бойынша конкурс E-QAZYNA.KZ электрондық порталында жарияланғаны туралы хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау портал арқылы 2026 жылғы 4 қараша күні сағат 09:55-ке дейін жүзеге асырылады.

    1 / 3

    Аудан аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын барынша көп мөлшерде бекіту мақсатында, аудан тұрғындары, шағын және орта бизнес өкілдері, әлеуетті инвесторлар және өзге де мүдделі тұлғалар арасында өткізіліп жатқан конкурс туралы ақпаратты ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде, сондай-ақ елді мекендердің WhatsApp-топтарында және өзге де қолжетімді ақпараттық арналарда таратуға ықпал етуіңізді сұраймыз.

    Балық шаруашылығы су айдындарын пайдаланушыларға бекіту олардың тиісті түрде қорғалуын, балық ресурстарының өсімін молайтуды және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.

    Су айдындарын бекіту:

    1) балық өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға;

    2) жаңа жұмыс орындарын құруға;

    3)салықтық және өзге де міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

    Конкурс сілтемелері:

    Кривое көлі -https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/340805705323000000 ;

    Бугроватое көлі -https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/340805811739000000 ;

    Моховое көлі -https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/340805802652000000 .

    Конкурс Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы №393 бұйрығымен бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес өткізіледі.

    Қосымша: көрсетілген су айдындарында өткізілетін конкурс туралы ақпараттық материал.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұзынкөл ауданының әкімдігі" жаңалықтары