«Записки из Будущего. Истории из жизни медвежат-путешественников» атты ертегі-романының тұсаукесері

    1 / 8

    21 қазан күні А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханада жазушы, "Звено Алтая" өңірлік әдеби бірлестігінің мүшесі, кітапхана қызметкері, Қазақстандағы жалғыз "Перекресток Миров" фантастика әуесқойлары клубының (КЛФ) төрағасы Яна Абдеевамен кездесу және оның "болашақтан алынған жазбалар" атты жаңа балалар кітабының тұсаукесері өтті.

    Ең басында автор бұл іс – шара атасы - Масғұт Әбдірахманұлы мен әжесі - Маргарита Ивановна Әбдеевті еске алуға арналғанын жариялады.

    Көрменің басты «ерекшелігі» тек Я. Абдееваның кітаптары ғана емес, балалық шағында атасымен бірге жинаған минералдар коллекциясы, географиялық атластар, асыл және әсемдеуіш тастар туралы әдебиеттер, сондай-ақ авторымызды бала кезінде қанаттандырған П. П. Бажов, А. М. Волков, В. А. Обручевтің шығармалары болды.

    «Звено Алтая» бірлестігінің мүшелері И.Б.Каланчина мен М. Калиев құрметті қонақтар қатарында болды, ал лентаны әдеби бірлестіктің төрайымы Н. Матвеева кесті. Шараға қатысқан оқушылардың белсенділігі қуантты: олар ойындарға зор ықыласпен қатысып, авторға сұрақтар қойды. Сондай-ақ қонақтарға «Перекресток Миров» фантастика сүйеушілер клубы активінің мүшесі Ирина Коровкина монтаждаған «Записки из Будущего» кітабының жарқын әрі әсерлі проморолик-буктрейлері қатты ұнады.

    Басқосуда автордың өз аузынан шығарманың ең атмосфералық бірнеше үзіндісі де оқылды.

    Сыйлық ретінде авторлық иллюстрациялары мен автографы бар жарқын ашықхаттар, «аю» мармеладтары, «Записки из будущего» басты кейіпкерлерінің бейнесі бар белгішелер, Плутония елтаңбасы бейнеленген бетбөлгіш-календарлар берілді. Ал автор өзінің кітабының бір данасын сыйға тартты.

    Алда – ертегінің екінші бөлімі. Мультсериалға арналған дайындамалар қазірдің өзінде салынып жатыр. Нұрлы болашағымызды бірге жасаймыз!https://author.today/work/477486 - «Под землей, или Природная, лучистая, лучшая в мире синева. Записки из Будущего-II».

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" жаңалықтары