Алимент өндіру мәселелері бойынша сұхбат

    Астана қаласы Әділет департаментінің өкілі радиода алимент өндіру мәселелері бойынша сұхбат берді
    Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Астана қаласы Әділет департаментінің өкілі радиода тікелей эфирге қатысып, алимент өндіру мәселелері бойынша сұхбат берді.
    Сұхбат барысында алимент өндіру бойынша атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі, алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты қолданылатын мәжбүрлеп орындату шаралары, сондай-ақ балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.
    Эфир барысында тыңдаушыларға алимент төлеудің маңыздылығы түсіндіріліп, бұл міндеттің тек заң талаптары ғана емес, ең алдымен ата-ананың өз баласы алдындағы жауапкершілігі екені атап өтілді.
    Сонымен қатар азаматтарды қызықтыратын өзекті сұрақтарға жауап беріліп, алимент өндіріп алу саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Балалардың құқықтарын қорғау және олардың лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету мемлекет қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Осыған байланысты халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары