тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша бақылау іс-шараларын жүргізілді

    1 / 6

    Астана қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша бақылау іс-шараларын жүргізді. Тексеру нәтижесінде тауар белгісіне құқық иеленушінің айрықша құқықтарының бұзылу белгілері анықталды. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес контрафактілік өнімдер құқықтық ықпал ету шараларын одан әрі қабылдау үшін белгіленген тәртіппен тәркіленді.

    Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында түпнұсқа өнімдерді сатып алу және контрафактілік тауарлардың айналымына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Контрафактілік өнімдерді сатып алу құқық иеленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, тауарлардың сапасының төмендігіне, кепілдік міндеттемелерінің болмауына, сондай-ақ тұтынушылардың денсаулығы мен мүлкіне зиян келтіру қаупіне байланысты тәуекелдер туғызады. Заңды және сертификатталған өнімдерді саналы түрде таңдау тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, адал бәсекелестіктің дамуына және жеке қаржылық шығындарға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары