2026 жылғы 9 айдағы зейнетақымент және әлеуметтік қамсыздандыру саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қорытындылары туралы

    Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті(бұдан әрі – Департамент)Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады. Департамент өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.

    Департаменттің негізгі міндеттерінің бірі – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету. Осы міндетті орындау барысында:

    іске асыру функциялары– зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру(республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау туралы шешімдер қабылдау), мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы жұмыстарды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;

    бақылау функциялары– Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өз өкілеттігі шегінде зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

    2026 жылдың 9 айында Департамент зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау бойынша (15 қызмет түрі) 104 940 мемлекеттік қызмет көрсетті, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артық(2025 жылдың І жартыжылдығында – 97 103 қызмет).

    Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің негізгі үлесін төмендегілер құрайды:

    1) Зейнетақы төлемдерін тағайындау – барлығы 27 440 тағайындау, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға артық (2025 ж. – 27 048), оның ішінде жасына байланысты зейнетақы төлемдері – 14 345 қызмет; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 13 095 қызмет.

    2) Балалы отбасыларға жәрдемақылар тағайындау – барлығы 44 324 төлем, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,11%-ға көп(2025 ж. – 41 383 мемлекеттік қызмет). Оның ішінде:бала тууына және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақылар – 20 450 төлем;төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы – 18 537 төлем; мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақы – 4 709 төлем; «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға – 628 төлем тағайындалды.

    Сонымен қатар, мүгедектікке және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақыларды тағайындау– барлығы 19 002 төлем, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен (16 704) салыстырғанда 13,7%-ға көп.

    Сонымен қатар, инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының енгізілген сомасы мен төленуге тиісті сома арасындағы айырманы төлеуді тағайындау туралы 7308 шешім қабылданды (2025 ж – 5 666), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,9%-ға артық.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

    2025 ж. 9 айда көрсетілген қызметтер

    2026 ж. 9 айда көрсетілген қызметтер

    2025 ж. 9 айда қайта қаралған

    2026 ж. 9 айда қайта қаралған

    2025 ж. 9 айдағы барлығы

    2026 ж. 9 айдағы барлығы

    %

    (+:-)

    1.Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау

    7651

    7854

    6350

    6491

    14001

    14345

    2,46

    2.Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау

    8100

    8642

    4947

    4453

    13047

    13095

    0,36

    3.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы

    2858

    3006

    8320

    9306

    11178

    12312

    10,14

    4.Асыраушысынан айырылужағдайы бойыншажәрдемақы

    614

    665

    4912

    6025

    5526

    6690

    21,06

    5.Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау

    748

    776

    1128

    1191

    1876

    1967

    4,85

    6.РБ бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау

    21332

    20349

    82

    101

    21414

    20450

    -4,5

    7.Мүгедектігі бар баланытәрбиелеп отырғаната-анаға, қорғанышынажәрдемақытағайындау

    1291

    1466

    2805

    3243

    4096

    4709

    14,97

    8.Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау

    2927

    3185

    0

    0

    2927

    3185

    8,81

    9.Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ, МЗЖЖ) сомасының айырмасын төлеуді тағайындау (мемлекеттік кепілдік)

    5666

    7308

    0

    0

    5666

    7308

    28,97

    10Алтын алқа, Күміс алқаалқаларымен наградталған аналарғажәрдемақытағайындау

    427

    389

    255

    239

    682

    628

    -7,92

    11.Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау

    2874

    2532

    12317

    16005

    15191

    18537

    22,03

    12.Күтім жасаушы адамға жәрдемақы тағайындау

    505

    766

    458

    550

    963

    1316

    -9,46

    13.Арнаулы кәсіптік жәрдемақытағайындау

    148

    134

    0

    0

    148

    134

    -9,46

    14.Семей полигонынын зардап шеккендерге арналған біржолғытөлем тағайындау

    285

    256

    17

    1

    302

    257

    -14,90

    15.Саяси қуғын‑сүргін құрбандарыберілетін біржолғы төлем тағайындау

    42

    6

    41

    1

    83

    7

    -91,57

    55468

    57334

    41632

    47606

    97103

    104940

    8,07

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық жүйелерді жетілдіру және оларды мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыруда. Бұл қажетті мәліметтерді автоматты түрде алуға және азаматтардан қосымша құжаттарды талап ету қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.

    Осы бағыттағы маңызды жетістіктердің бірі – мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта көрсету жүйесінің енгізілуі. Бұл формат азаматтың жекелеген жәрдемақы түрлерін алуға құқығы туындаған кезде министрліктің ақпараттық жүйесі әлеуетті алушыны автоматты түрде анықтап, оған SMS-хабарлама жіберетінін білдіреді. Азаматқа қызмет алуға келісімін растау жеткілікті, содан кейін төлем тағайындау процесі басталады.

    Бүгінгі таңда цифрландырудың арқасында 11 мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетіледі. Бұл азаматтарға мемлекеттік органдарға бармай-ақ, SMS-хабарлама арқылы келісімін растау жолымен жәрдемақылардың жекелеген түрлерін қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, бала тууға байланысты жәрдемақы, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы және көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы сияқты төлемдерге өтінішті екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.

    2026 жылдың басынан бері проактивті форматта 39 984 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 8 047 төлем адам қатысуынсыз автоматты түрде тағайындалды.

    Жалпы, әлеуметтік саланы цифрландыру мемлекеттік қызметтердің сапасын, қолжетімділігін және жеделдігін арттыруға ықпал етеді. Біздің басты міндетіміз - азаматтардың өздеріне тиесілі әлеуметтік қолдау шараларын уақтылы әрі ыңғайлы түрде алуын қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

    Сонымен қатар, Департамент зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етуге бағытталған бақылау функцияларын да жүзеге асырады. Осы жұмыс аясында төлемдер тағайындалғаннан кейін де құжаттарға тексеру жүргізіледі.

    2026 жылдың басынан бері ұсынылған құжаттардың дұрыстығына қатысты 1 048 зейнетақы ісі тексерілді. Оның ішінде 361 іс еңбек өтілінің сәйкестігін растау мақсатында, ал 418 іс зейнеткерлік жасқа толар алдында өткен кезеңдер үшін міндетті зейнетақы жарналарын аудару арқылы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің ұлғаю фактісіне тексерілді.

    Тексеру барысында Департамент еңбек өтілі мен азаматтардың табысы туралы мәліметтерді растау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, оның ішінде мемлекеттік архивтерге және мемлекеттік кірістер органдарына сұрау салулар жолдайды. Қажет болған жағдайда шет мемлекеттердің архивтік мекемелеріне де сұрау салулар жіберіледі.

    Ұсынылған құжаттардың дұрыстығы расталмаған жағдайда, тиісті зейнетақы істерінің материалдары одан әрі қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.

    Бұл жұмыс зейнетақы төлемдерін тағайындаудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етуге, негізсіз төлемдердің алдын алуға бағытталған.

    Осыған байланысты елорда тұрғындары мен азаматтарынан зейнетақы төлемдерін рәсімдеуге қажетті құжаттарды дайындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды және заңға қайшы әрекеттерге жол бермеуді сұраймыз.

    Зейнетақы төлемдерін тағайындауға қатысты барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментіне жүгінуге болады. Өтініштерді«e-Otinish»ақпараттық жүйесі арқылы жолдауға немесе98-52-77, 98-74-57, 98-53-27телефондары арқылы хабарласуға болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕКТТІК МЕКЕМЕСІ" жаңалықтары