СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 2027 ЖЫЛЫ ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ МЕН КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

    1 / 6

    Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Петропавл қаласындағы көпбейінді облыстық аурухана мен облыс орталығының Қопай шағын ауданында салынып жатқан жаңа облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының құрылыс алаңдарын аралады.

    Жаңа медициналық кешен 480 төсекке есептелген. Оның жалпы ауданы 92 мың шаршы метрден асады.

    Жобада бір ауысымда 480 пациент қабылдайтын консультациялық-диагностикалық корпус, тәулік бойғы және күндізгі стационарлар, перзентхана бөлімі, сәулелік диагностика және радиология бөлімшелері, сондай-ақ клиникалық-диагностикалық зертхана қарастырылған.

    Ауруханада кардиохирургия, нейрохирургия, онкология, тамыр хирургиясы, травматология және басқа да бағыттар бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету жоспарланып отыр.

    Нысанда темірбетон конструкцияларын тұрғызу жұмыстары аяқталды. Қазір қабырғаларды қалау, қасбеттерді монтаждау және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Медициналық кешенді 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

    Сапардың келесі нысаны облыс орталығының Қопай шағын ауданында салынып жатқан жаңа облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы болды.

    Кешен жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсетуге есептелген. Аумағы шамамен 1,5 гектар жер телімінде төрт қабатты әкімшілік ғимарат, 20 санитариялық автокөлікке арналған гараж, жөндеу және жуу бөлімдері салынады.

    Жаңа орталықта конференц-зал мен медицина қызметкерлерін даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға арналған симуляциялық оқу орталығы да орналасады.

    Станцияның құрылысы жедел медициналық жәрдем қызметінің орналасуына қатысты көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселені шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта медицина қызметкерлері 1905 жылы салынған, шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың заманауи талаптарына сәйкес келмейтін ғимаратта жұмыс істеп келеді.

    Жаңа кешеннің құрылысын аяқтауға 14 ай мерзім берілген. Жұмыстарды 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

    Үш инфрақұрылымдық жобаны іске асыру Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының медициналық-санитариялық алғашқы, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ медицина қызметкерлері үшін заманауи еңбек жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.

    Екі салынып жатқан нысанды да 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" жаңалықтары