Доха, 13 тамыз 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекетінің Қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі министрі доктор Абдулла бен Абдулазиз бен Турки Аль-Субеимен кездесу өткізді.
Министр Қазақстан Елшісіне дипломатиялық қызметінде сәттілік тілеп, екі ел арасындағы экологиялық серіктестікті дамытуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, биологиялық әртүрлілікті сақтау, сондай-ақ халықаралық климаттық бастамалар аясындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.








