Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұхамбетов Нияз, Қарағайлы және Есіл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті

    1 / 8
    Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұхамбетов Нияз, Қарағайлы және Есіл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
    Кездесулер барысында тұрғындар сумен жабдықтау, электр желілерінің жай-күйі, автомобиль жолдарын жөндеу, елді мекендерді абаттандыру, қоғамдық аумақтарды күтіп ұстау, жайылымдық жерлердің тапшылығы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.
    Әсіресе, тозығы жеткен электр бағаналары мен трансформаторларды ауыстыру, ағаш бұтақтарын кесу, қоқыс шығару, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және қаңғыбас иттер мәселесін шешуге ерекше назар аударылды.
    Тұрғындардың өтініштері бойынша түсініктемелер берілді. Жауапты басшыларға электр желілері мен трансформаторлардың жай-күйіне талдау жүргізу, жолдарды жөндеу, анықталған кемшіліктерді жою және аумақтарды абаттандыру мәселелерін пысықтау тапсырылды.
    Әр кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Осакаров ауданының әкімдігі" жаңалықтары