1 / 9
Кездесулер барысында тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдардың жай-күйі, елді мекендерді абаттандыру, халықты әлеуметтік қолдау және басқа да салаларға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
Ақбұлақ ауылдық округінде электр қуатының жиі үзілуі, жолдарды жөндеу және иесіз бос жүрген үй жануарларына қатысты мәселелер талқыланды.
Молодежный кентінде тұрғындар әлеуметтік қолдау, абаттандыру, әлеуметтік нысандардың жұмысы, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.
Тұрғындардың өтініштері бойынша түсініктемелер берілді. Жауапты басшыларға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарап, оларды шешудің мүмкін жолдарын қарастыру тапсырылды.
Әр кездесуден кейін аудан басшысы азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың жеке мәселелері бойынша өтініштерін тыңдады.









