1 / 11
Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұхамбетов Жұлдыз, Трудовой және Қаратомар ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесулер барысында тұрғындармен ашық әңгіме өтті. Ауыл тұрғындары жолдардың жағдайы мен жөнделуі, елді мекендерді абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, электрмен жабдықтау, коммуналдық қызметтердің жұмысы және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.
Тұрғындардың өтініштері бойынша түсініктемелер берілді. Жауапты басшыларға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарап, оларды шешу жолдарын пысықтау тапсырылды.
Әр кездесудің соңында аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.









