Осакаров ауданында Ұстаздар күні аталып өтті

    Осакаров ауданында Ұстаздар күні аталып өтті
    Кәсіби мерекеге орай ауданның педагогтері мен білім саласының ардагерлері қатысқан салтанатты іс-шара өтті.
    Білім саласының қызметкерлерін аудан әкімі Руслан Нұрмұханбетов құттықтады. Ол ұстаздарға күнделікті еңбегі, жауапкершілігі және өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
    Көп жылдар бойы балаларды оқыту мен тәрбиелеуге еңбек сіңіріп, өз тәжірибесін кейінгі буын ұстаздарына жеткізген педагогикалық еңбек ардагерлеріне ерекше алғыс айтылды.
    Іс-шара соңында ұстаздарға зор денсаулық, амандық, дарынды шәкірттер және еңбектеріне лайықты құрмет тіледі.
    Бүгінде Осакаров ауданында 40 білім беру нысаны, оның ішінде 31 мектеп жұмыс істейді. Ауданда балалардың білім алуына және педагогтердің еңбек етуіне заманауи әрі қауіпсіз жағдай жасау жұмыстары жалғасуда.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Осакаров ауданының әкімдігі" жаңалықтары