САЛЫҚ БЕРЕШЕГІН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ МҮЛКІ ЕСЕБІНЕН ӨНДІРІП АЛУ

    Салық органы қандай жағдайда банк шоттарынан мүлік есебінен өндіріп алуға көшеді?

    Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәртібін түсіндіреді.

    Салық берешегі қалай өндіріп алынады?

    Берешекті өндіріп алу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:
    1. Банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу
    Бірінші кезекте салық төлеушінің банк шоттарындағы ақша қаражаты инкассолық өкімдер қою арқылы өндіріп алынады.
    2. Дебиторлардың банк шоттарынан өндіріп алу
    Егер берешек өтелмесе, өндіріп алу салық төлеушіге берешегі бар тұлғалардың ақша қаражатына қолданылуы мүмкін.
    3. Мүлік есебінен өндіріп алу
    Егер қабылданған шаралар нәтижесінде берешек өтелмесе, салық органы бұрын билік етуі шектелген салық төлеушінің мүлкі есебінен өндіріп алуға құқылы.
    Берешектің қандай сомасында мүлік есебінен өндіріп алу қолданылады?
    2026 жылы заңнамада белгіленген талаптар сақталған жағдайда, салық берешегі 45 АЕК-тен (194 625 теңгеден) асқан кезде мүлікті өткізу есебінен өндіріп алу қолданылады.
    МАҢЫЗДЫ!
    Мүлік есебінен өндіріп алу заңнамада белгіленген кезектілік сақтала отырып жүзеге асырылады.
    Мүлік есебінен өндіріп алу туралы қаулы салық төлеушінің келісімінсіз шығарылады. Мүлікті өткізу заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
    Аталған тәртіп заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын тұлғаларға және заңнамада көзделген өзге де салық төлеушілерге қолданылады.Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 184–187-баптары.
    Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының қолданылуына жол бермеу үшін салық міндеттемелерін уақтылы орындауға және салық берешегін өтеуге шақырады.
    #законипорядок
    #заңментәртіп

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары