ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 2026 жылғы 9 қазандағы №70-Ж бұйрығымен Серік Қадырұлы Кушенов 2026 жылғы 12 қазаннан бастап арнайы тексеру нәтижелері алынғанға дейін Қаражал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып қабылданды.
Серік Қадырұлы Кушенов 1978 жылы 10 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында дүниеге келген.
2002 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит», 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану», 2025 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Шымкент қаласында сәулет жобалаушысы қызметінен бастаған. Әр жылдары Арыс қаласының жер қатынастары бөлімінде, қала әкімі аппаратында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Кейінгі жылдары Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, құқық қорғау органдарында, сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдарда еңбек еткен.
2026 жылы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылымында, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында қызмет атқарған.
Жаңа қызметіне кіріскенге дейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде Ішкі әкімшілендіру басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарған.
Тағайындау
Ұқсас материалдар

Елордалық құтқарушылар Ант қабылдады
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері – қауіпсіздік пен сенімділіктің кепілі
Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Алматыда экстремистік идеология қаупі туралы ескертті
ҚР ТҚОАшу
ШҚО аудандарында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін цифрлық технологиялар енгізілуде
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекетінің Әмірі Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі ЕлшілігіАшу
"Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары

2026 ЖЫЛЫ ҚАТЕЛЕСІП НЕМЕСЕ АРТЫҚ ТӨЛЕНГЕН САЛЫҚ СОМАЛАРЫН ҚАЙТАРУ
Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіАшу
ҚАРАЖАЛДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіАшу
ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ
Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіАшу
КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіАшу
«ҚАБЫЛДАНБАДЫ» МӘРТЕБЕСІ БАР САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ: НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіАшу