КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ

    Көлік құралдарын кедендік ресімдеу тәртібі оларды әкелу мақсатына байланысты: жеке пайдалану немесе коммерциялық қызмет үшін.
    Жеке пайдалану үшін
    - Кәсіпкерлік қызметке арналмаған көлік құралдары ЕАЭО Кеден кодексінің 37-тарауына, оның ішінде 256-бабына сәйкес ресімделеді.
    - Декларациялау жолаушылар кедендік декларациясын (ЖКД) қолдану арқылы жүзеге асырылады.
    - Көлік құралдарының тізбесі ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 74 шешімімен белгіленген.
    - Кедендік баждар мен салықтардың мөлшерлемелері ЕЭК Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімімен айқындалған.
    Коммерциялық мақсаттар үшін
    - Кәсіпкерлік қызметке, оның ішінде кейіннен сатуға арналған көлік құралдары жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайды.
    - Кедендік ресімдеу тауарларға арналған декларацияны (ТД) қолдану арқылы жүзеге асырылады.
    - Заңды тұлғалар көлік құралдарын коммерциялық мақсатта әкелуге құқылы. Негізгі өлшем – импорттаушының мәртебесі ғана емес, көлік құралын әкелудің нақты мақсаты.
    2026 жылғы өзгерістер
    - ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі № 808 қаулысы – № 763 қаулыға өзгерістер енгізілді. Жеке тұлғалар көлік құралын еркін айналымға шығарғанға дейін кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат алуға міндетті.
    - 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 474 бұйрық – электрондық көлік құралы паспортын (ЭКҚП) ресімдеуге, оның ішінде жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін әкелетін, шығарылғанына бес жылдан аспаған көлік құралдарына қатысты қосымша талаптар белгіленді.
    - 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 268-НҚ бұйрық – жекелеген көлік құралдарының сәйкестігін бағалау және көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті (СБКТС) ресімдеу талаптары нақтыланды.
    Кедендік баждар мен салықтардың жаңа мөлшерлемелері енгізілген жоқ және қолданыстағы мөлшерлемелер көтерілген жоқ.
    Өзгерістер көлік құралдарын әкелу мақсатына қарай кедендік ресімдеу тәртібін ажыратуға қатысты:
    - Жеке пайдалану – ЖКД.
    - Коммерциялық қызмет – ТД.
    Уәкілетті органдардың құзыреті
    ЭКҚП ресімдеу, СБКТС алу, кәдеге жарату төлемін және көлік құралын бастапқы мемлекеттік тіркеу алымын төлеу мәселелері тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретіне жатады

    #законипорядок
    #заңментәртіп

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары