Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдылықты, ашықтықты қамтамасыз етудің және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілер заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға, мүдделер қақтығысына жол бермеуге, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланбауға және қызметтік жағдайын жеке мақсаттарда пайдаланбауға міндетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі талаптар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен реттеледі. Бұл талаптарды сақтау лауазымдық міндеттерді адал орындауды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды және мүдделер қақтығысын реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауды көздейді.
Әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың сақталуына жауапты және мемлекеттік қызметте адалдық, әділдік пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға үлес қосуға тиіс.
Ақмола облысы
Әділет департаменті
әкімшілік бөлімінің
бас маманы
С. Кантарбаева









