ТЖД келбеті: Асылжан Умирзаков

    1 / 3

    Құтқарушылар мерекесінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Умирзаков Асылжан Бауыржанұлын таныстырамыз. Ол еңбек жолын 2013 жылы бастап, алғашқыда байланыс саласында қызмет атқарған. Кейін азаматтық қорғау органдарына қосылып, өрт сөндіруші-радиотелефонист, өрт сөндіруші-құтқарушы және байланыс жөніндегі аға шебер қызметтерін атқарды. Бүгінде Асылжан Бауыржанович төтенше жағдайлар саласындағы ақпараттық жүйелер мен байланыс құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге үлес қосып келеді. Оның қызметі құтқару бөлімшелерінің жедел әрі үйлесімді әрекет етуіне мүмкіндік беретін маңызды бағыттардың бірі. Құтқарушылар мерекесі – ел қауіпсіздігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсететін ерекше күн.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары