Байзақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері полиция, «ҚазТрансГазАймақ», аудандық электр желілері, Дихан ауылы әкімдігі және Жастар орталығының өкілдерімен бірлесіп, «Денсаулық» саяжайы ауылының тұрғындары арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аула аралау барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау және улы газдан уланудың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар балаларды қараусыз қалдырмау және олардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мамандар автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелері мен жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін де түсіндірді.
Жамбыл облысы ТЖД







