Құтқарушылар күні кәсіби мерекесіне орай Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына «Әділет» партиясының өкілдері мен белсенді жастар арнайы барды.
Жиын барысында қонақтар өмір мен өлім белдескен қиын-қыстау сәттерде қашанда алдыңғы шептен табылатын құтқарушыларға ыстық ықыластары мен ақжарма тілектерін білдіріп, мерекелерімен құттықтады. Ресми бөлімнен соң шара қатысушылары Тараз қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасады. Жастар заманауи өрт сөндіру техникаларымен, арнайы құтқару жарақтарымен жақыннан танысып, күнделікті кезекшілік тынысы туралы мағлұмат алды. Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, сонымен қатар заманауи тренд бағытында арнайы бейнеролик түсіріп, құтқарушылардың жауапты қызметін кеңінен насихаттауға өз үлестерін қосты.
Жамбыл облысы ТЖД








