1 / 3
Құтқарушылар күні қарсаңында Жамбыл облысы ТЖД Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Шарипбаев Еркебұлан Мұхитұлының еңбек жолымен таныс болыңыздар. Ол азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 2014 жылы бастап, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде бөлімше командирі болып қызмет атқарған. Өрттерді сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстары мен су тасқыны салдарын жоюға қатысып, тәжірибе жинақтаған. 2023 жылдан бері Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасында қызмет етіп, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында еңбек етіп келеді. Қызметтеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Жамбыл облысы ТЖД









