Құрметті құтқарушылар, ардагерлер және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Құтқарушы - қиын сәтте бірінші болып көмекке келетін, адам өмірі мен қауіпсіздігін бәрінен биік қоятын маман. Бұл қызмет батылдықты, жоғары жауапкершілікті, кәсібилік пен төзімділікті талап етеді. Сіздерге қызметтеріңізге адалдықтарыңыз, ерліктеріңіз бен жанқиярлық еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметте сәттілік, әр күніңізге тыныштық пен қауіпсіздік тілейміз! Ел тыныштығы жолындағы еңбектеріңіз абыройлы болсын!
Жамбыл облысы ТЖД









