ТЖД келбеті: Ерлан Абдилдаев

    1 / 2

    Жуалы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Ерлан Абдилдаев әке жолын жалғап, өрт сөндіруші мамандығын таңдаған азамат. Әкесі де өрт сөндіру саласында 20 жыл еңбек еткен. Әке өнегесін жалғаған Ерлан осы салада адал қызмет етіп келеді. Ол өрттер мен түрлі апаттарды жою кезінде, әсіресе Күйік асуында боран салдарынан жолда қалған адамдарды құтқару операцияларында белсенді қызмет көрсетті. Ерлан жұбайы Әселмен бірге төрт бала тәрбиелеп отырған өнегелі отбасының отағасы. Ел қауіпсіздігі жолында еңбек етіп жүрген барлық құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары