Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 1 298 арыз-шағымды қарастырып, 176 тексеру жүргізді.

    Тексеру нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзудың 171 фактісі анықталды. Оның ішінде 137 факт еңбек қатынастарына, 33 факт еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне, ал 1 факт халықты жұмыспен қамту саласына қатысты болды.

    Еңбек құқықтарын қорғау бағытында жүргізілген жұмыстардың 9 ай нәтижесінде жалпы сомасы 661,5 млн теңге көлеміндегі жалақы берешегі өтеліп, 991 жұмыскердің конституциялық құқықтары қорғалды.

    Сонымен қатар, тексеру қорытындылары бойынша жұмыс берушілерге орындалуы міндетті 97 нұсқама беріліп, заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 42 қаулы шығарылды. Нәтижесінде жалпы сомасы 9 318 460 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

    Бұдан бөлек, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында облыстағы мекемелерде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесіне де ерекше назар аударылуда. Есепті кезеңде 3 857 мекемеде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары жасалды.

    Департаменттің негізгі мақсаты – еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, жалақы бойынша берешектердің алдын алу және еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуына бақылауды күшейту.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" жаңалықтары