ТОҒЫЗ АЙДА 114 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ SKILLS ENBEK ПЛАТФОРМАСЫНДА ОҚУДАН ӨТТІ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың кәсіби білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және дағдыларын дамыту бағытындағы жұмысты жалғастырып келеді. 2026 жылдың тоғыз айында Skills Enbek онлайн-платформасында 114,8 мыңнан астам адам оқудан өтті. Олардың шамамен 47%-ы – ауылдық елді мекендердің тұрғындары. Оқуды аяқтағандардың 43,3 мыңы – жұмыссыз азаматтар. Оның ішінде 16-34 жас аралығындағы 12,3 мың жас және ауыл тұрғындарының 23,5 мыңы бар. Skills Enbek азаматтарға қосымша білім алып, жұмыс барысында және жұмысқа орналасу кезінде қажет болатын дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Онлайн форматта оқу орталығына бармай-ақ, өзіне ыңғайлы уақытта білім алуға болады. Курстар компьютер арқылы да, Enbek мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді. Қазіргі уақытта платформада 1,3 млн-нан астам пайдаланушы тіркелген. Платформа жұмысын бастағаннан бері 1,29 млн-нан астам сертификат берілді. Мұнда түрлі ұйымдардың авторлары әзірлеген 565 курс қолжетімді. Оның 60%-дан астамы тегін. Пайдаланушылар арасында ақпараттық технологиялар, қаржы және бухгалтерлік есеп, әлеуметтік қызмет көрсету, тұрғын үймен қамту және тамақтану саласы, сауда мен қойма, сондай-ақ ауыл шаруашылығы бағытындағы курстар жоғары сұранысқа ие. Оқу курсын аяқтап, қорытынды тестілеуден сәтті өткендер электрондық сертификатқа ие болады. Мәліметтер Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жасалған түйіндемеге автоматты түрде енгізіледі. Толығырақ Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
ТОҒЫЗ АЙДА 114 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ SKILLS ENBEK ПЛАТФОРМАСЫНДА ОҚУДАН ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Жолдау – ел дамуының жарқын бағдары, болашаққа бастар маңызды қадам!
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Алматы қалалық кардиология орталығында митральды қақпақшаны емдеудің жаңа аз инвазивті технологиясы енгізілді
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыАшу
Тоғыз айда 114 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқудан өтті
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіАшу
Тоғыз айда 114 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқудан өтті
Қостанай облысы Қостанай ауданы Майкөл ауылдық әкімшілігіАшу
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде 9 айдың қорытындысы талқыланды
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖДАшу
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" жаңалықтары

🇰🇿 ЕҢБЕК САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ: МЕМЛЕКЕТ, ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР МЕН КӘСІПОДАҚТАР ОРТАҚ ҚАҒИДАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіАшу
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «№2 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-да жоспардан тыс тексеру жүргізілді
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіАшу
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жұмыс берушілердің назарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттары туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіАшу
Шу ауданындағы «Данисия» ЖШС-де жоспардан тыс тексеру жүргізілуде
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіАшу
Әдеп талаптарын сақтау – мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіАшу