Қоғамдық орында мас күйінде жүрген қызылордалық 5 тәулікке қамалды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қызылорда облысында полиция қызметкерлері қоғамдық орында мас күйде жүрген тұрғынды анықтады.
    Тексеру кезінде азаматтың алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында масаң күйде жүргені белгілі болды. Бұдан бөлек полиция қызметкерлері оның қоғамдық тәртіпке қатысты тағы бір құқық бұзушылық жасағанын да анықтады. Атап айтқанда, ол қоғамдық орында темекі тұқылын арнайы белгіленбеген жерге тастаған.
    Азамат бұл әрекетін бір жыл ішінде қайталаған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алып, оған қатысты тиісті әкімшілік шара қолданды.
    Сот шешімімен 30 жастағы облыс тұрғыны 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұған қоса құқық бұзушыға темекі тұқылын тастағаны үшін айыппұл салынды.
    Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға және заң талаптарын бұзбауға шақырады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары