🇰🇿 ЕҢБЕК САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ: МЕМЛЕКЕТ, ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР МЕН КӘСІПОДАҚТАР ОРТАҚ ҚАҒИДАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

    🇰🇿 ЕҢБЕК САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ: МЕМЛЕКЕТ, ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР МЕН КӘСІПОДАҚТАР ОРТАҚ ҚАҒИДАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

    Астанада «Цифрлық еңбек және жасанды интеллект» халықаралық форумы аясында мемлекет, жұмыс берушілер және кәсіподақтар өкілдері «Алгоритмдік бақылау, кәсіподақтардың рөлі, бизнестің жауапкершілігі» атты Астана үшжақты декларациясына қол қойды. Құжат әлеуметтік әріптестердің еңбек саласында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге қатысты ортақ ұстанымдарын айқындайды. Декларацияда адами капиталды дамыту, еңбек құқықтарын қорғау және жұмыскерлерге қатысты шешімдер қабылдау кезінде адамның рөлін сақтау мәселелеріне басымдық берілген.

    Халықаралық форумға мемлекеттік органдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің, халықаралық ұйымдардың және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Қатысушылар жасанды интеллектінің жұмыспен қамту мен кәсіби дағдыларға әсерін, еңбек құқықтарын қорғау, кадрларды қайта даярлау, платформалық экономиканы дамыту және жаңа технологияларды қауіпсіз енгізу мәселелерін талқылады.

    Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев пен вице-министр Бақтияр Жазықпаев қатысты.

    «Жасанды интеллект еңбек құралдары мен оны ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуі мүмкін. Дегенмен кез келген технологиялық өзгерістің басты назарында адам қалуы тиіс. Жаңа технологиялардың дамуы адами капиталды жетілдірумен, жұмыс орындарының сапасы мен қауіпсіздігін арттырумен және жұмыспен қамту мүмкіндіктерін ұлғайтумен қатар жүруі керек», – деп атап өтті Ербол Тұяқбаев.

    Вице-министр Бақтияр Жазықпаев панельдік сессия барысында Министрліктің еңбек саласына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу бағытындағы практикалық шешімдерін таныстырды. Негізгі тәсіл дәстүрлі электрондық қызметтерден интеллектуалды әрі проактивті сервистерге көшуге негізделген. Мұндай сервистер қолда бар деректер негізінде азаматтардың қажеттіліктерін алдын ала анықтап, оларға тиісті шешімдерді ұсына алады.

    🔗 Толығырақ

    Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" жаңалықтары