Мемлекеттік қызметшілер арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2026 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2.2 және 2.5-тармақтарына сәйкес профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуінің және олардың қызметіне араласуының алдын алу, діни экстремизм мен радикалды көзқарастардың таралуына жол бермеу, сондай-ақ діни сауаттылықты арттыру.
Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының дінтанушысы Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы қатысты.
Іс-шара барысында дінтанушы деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері, олардың қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін кері әсері, азаматтардың діни көзқарастарын қалыптастыруда ақпараттық қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар интернет кеңістігінде таралатын күмәнді діни ақпараттардан сақтану, әлеуметтік желілердегі теріс мазмұндағы материалдарға сын көзбен қарау, діни сауаттылықты арттыру және заң талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, тұрақты қоғамдық ахуалды сақтауға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың алдын алуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









