Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «№2 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-да жоспардан тыс тексеру жүргізілді
Еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «№2 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-да жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы, оның ішінде жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы, еңбек қатынастарын дұрыс ресімдеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимінің сақталуы, жалақының уақтылы және толық төленуі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы мәселелері зерделенді.
Ерекше назар жұмыс берушінің заңнамада белгіленген жұмыскерлердің құқықтары мен кепілдіктерін сақтауына, тиісті құжаттаманы жүргізуіне және еңбек қатынастары саласындағы міндеттерін орындауына аударылды.
Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.









