«Ертіс» телеарнасындағы «OILIKE» бағдарламасының эфирінде Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Г.Н. Қасымов пен облыстық психикалық даму орталығының психологы құмар ойындарға тәуелділік мәселесін талқылады.
Департамент басшысының орынбасары ағымдағы жылдың басынан бастап статистикалық мәліметтерді айтып, заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл және лудоманияның алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
Психолог ойынға тәуелділіктің пайда болу себептерін, оның негізгі белгілері мен салдарын түсіндіріп, кәсіби көмекке уақтылы жүгінудің және жақындарының қолдауының маңыздылығын атап өтті.






