Шу ауданындағы «Данисия» ЖШС-де жоспардан тыс тексеру жүргізілуде

    Шу ауданындағы «Данисия» ЖШС-де жоспардан тыс тексеру жүргізілуде

    Шу ауданындағы «Данисия» ЖШС-де жоспардан тыс тексеру жүргізілуде

    Мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Досмахановтың қатысуымен Шу ауданында орналасқан «Данисия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілуде.

    Тексеру барысында жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарын сақтауына, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына, еңбек шарттарының дұрыс рәсімделуіне, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуына назар аударылуда.

    Сонымен қатар, жұмыскерлерге еңбекақы төлеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының сақталуы, еңбек қатынастарын тиісті түрде ресімдеу және жұмыс орындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылуда.

    Жоспардан тыс тексерудің негізгі мақсаты – еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау.

    Еңбек заңнамасын сақтау – жұмыскерлердің құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" жаңалықтары