Анонс

    1 / 2

    Ақмола облысының Көкшетау қаласында Республика күніне орай Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары өтеді.

    Республика күнін мерекелеу қарсаңында Ақмола облысының Көкшетау қаласында 2026 жылғы 17 қазаннан басталып, 27 қазанға дейін қоса алғанда жалғасатын «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Акциялар аясында сатып алушыларға төмендетілген бағамен ұсынылатын тауарлардың кең таңдауы ұсынылады.

    Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығында күтіледі. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бағдарламалары, арнайы баға ұсыныстары мен мерекелік жеңілдіктердің басым бөлігі өтеді. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.

    Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар болды.

    Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі сауданың дамуына қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілер өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

    Төменде әр акцияға қатысатын сауда нысандарының орналасқан мекенжайлары көрсетілген жеке тізімдері берілген.

    Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    «Republic Day» республикалық акциясына қатысатын сауда нысандарының тізімі

    1. «РИО» сауда және ойын-сауық орталығы — Көкшетау қ., С. Жүнісов көшесі, 7/1
    2. «Электротоваров» сауда орталығы — Көкшетау қ., А. Пушкин көшесі, 46В
    3. «Жұмбақтас» сауда үйі — Көкшетау қ., П. Осипенко көшесі, 21
    4. «Глобус» сауда үйі — Көкшетау қ., Н. Назарбаев даңғылы, 55
    5. «Астана» сауда үйі — Көкшетау қ., Ю. Гагарин көшесі, 60
    6. «Нұр» сауда үйі — Көкшетау қ., Н. Назарбаев даңғылы, 12
    7. «Жібек Жолы» сауда үйі — Көкшетау қ., Т. Сүлейменов көшесі, 2д
    8. «Персона» әйелдердің сыртқы киім салоны — Көкшетау қ., Е. Әуельбеков көшесі, 109
    9. «Арбат» сауда үйі — Көкшетау қ., Біржан сал көшесі, 46
    10. «ЦУМ» сауда үйі — Көкшетау қ., А. Құнанбаев көшесі, 82
    11. «Armand» сауда үйі — Көкшетау қ., А. Байтұрсынов көшесі, 59

    «Bereke Fest» республикалық акциясына қатысатын сауда нысандарының тізімі

    1. «Орда» супермаркеті — Ақкөл қ., Т. Бегельдинов көшесі, 26
    2. «Аймер» супермаркеті — Көкшетау қ., Орталық шағынауданы, 24г
    3. «Лайм» супермаркеті — Көкшетау қ., Ақана сері көшесі, 137
    4. «Inmart» супермаркеті — Көкшетау қ., Е. Әуельбеков көшесі, 41
    5. «Кристалл» сауда үйі — Көкшетау қ., Уәлиханов көшесі, 173
    6. «Союз» супермаркеті — Көкшетау қ., Наурызбай батыр көшесі, 138
    7. «SMALL» супермаркеті — Көкшетау қ., Б. Әшімов көшесі, 228/1
    8. «VOSTOK» көтерме маркеті — Көкшетау қ., Ж. Тәшенов көшесі, 129Б
    9. «Құлагер» көтерме маркеті — Көкшетау қ., Қызыл Жар көшесі, 20/1
    10. «Семейный» супермаркеті — Көкшетау қ., Е. Әуельбеков көшесі, 128
    11. «Восточный» базары — Көкшетау қ., Ж. Тәшенов көшесі, 129Б/5
    12. «Союз» супермаркеті — Көкшетау қ., Ақана сері көшесі, 73
    13. «Союз» супермаркеті — Көкшетау қ., Васильков шағынауданы, 26а
    14. «Союз» супермаркеті — Көкшетау қ., Васильков шағынауданы, 1
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының әкімдігі" жаңалықтары