Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда ауданның 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджет кірістерінің орындалу барысы қаралды.
Есепті кезеңде ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 80,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8 млрд. теңгеге жетті.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларындағы жалпы өнім көлемі 19,5 млрд. теңгені құрайды.
Сонымен қатар, аудан экономикасына негізгі капиталға 59,9 млрд. теңге инвестиция тартылды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 16,7 млрд. теңгеге жетіп, 126,5 пайызға артты.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында бүгінгі күнге дейін 2 303 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде 156-сы – заңды тұлғалар, 997-сі – жеке кәсіпкерлер, 1 150-і – шаруа және фермер қожалықтары. Қазіргі таңда 2 267 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, есепті кезеңде бөлшек сауда көлемі 2,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,5 пайызды көрсетті.
Мәжілісте аудан бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы мен қаражаттың игерілу мәселелері де талқыланды. Аудан әкімі жауапты сала басшыларына бюджет түсімдерінің белгіленген жоспарын орындау, бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді игерілуін қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды
1 / 4
Ұқсас материалдар

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев қауіпсіздік жөніндегі конференцияда сөз сөйледі
Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулдығыАшу
Жетісу облысында «Нұр жолы» өткізу пунктіне түсетін жүктеме 30%-ға азайды
Панфилов ауданы әкімдігіАшу
Елордалық саябақта ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған жаңа тренажерлер орнатылды
Астана қаласының әкімдігіАшу
ҚР РФ Елшісі Д.Абаев қауіпсіздік жөніндегі конференцияда сөз сөйледі
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы ЕлшілігіАшу
Үржар ауданында Жедел басқару орталығы құрылды
Абай облысының әкімдігіАшу
"Сырдария ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Орман шаруашылығы қызметкерлеріне мерекелік қабылдау өткізілді
Сырдария ауданының әкімдігіАшу
Жүгері дақылын өсіру жұмыстары қолға алынуда
Сырдария ауданының әкімдігіАшу
Аудандық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаттарымен кездесу өтті
Сырдария ауданының әкімдігіАшу
Сырдариялық спортшылар «Алтын күз – 2026» спартакиадасында жүлделі орындарға ие болды
Сырдария ауданының әкімдігіАшу
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді
Сырдария ауданының әкімдігіАшу