Қауіпсіздік - басты талап!

    1 / 2

    Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері сауда нысандары мен қоғамдық тамақтану орындарында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және газ баллондарын қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кәсіпкерлерге газ жабдықтарын пайдалану ережелері, өрттің алдын алу шаралары және эвакуациялық шығу жолдарын бос ұстаудың маңыздылығы түсіндірілді. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау өрттің алдын алып, адам өмірі мен мүлкін қорғауға мүмкіндік беретінін еске салды.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары