13 қазанда Шет агротехникалық колледжінің студенттеріне арналған құқықтық квест Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды. Басты мақсат – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау.
Бағдарлама аясында қатысушылар аудандық полиция бөліміне, прокуратураға және төтенше жағдайлар бөліміне барып, мамандардың қызметімен танысты.
Полиция бөлімінде студенттер қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын орындау жөнінде ақпарат алды. Прокуратурада азаматтардың құқықтарын қорғау мен заңдылықты қамтамасыз етудің маңызы түсіндірілді. Ал төтенше жағдайлар бөлімінде қауіпсіздік ережелері және қауіпті жағдайда әрекет ету тәртібі сөз болды.
Танымдық экскурсиялардан кейін жастар аудандық Жастар ресурстық орталығында бас қосып, құқықтық квестке қатысты. Алты команда түрлі тапсырмаларды орындап, құқықтық білімдерін ортаға салды. Қатысушылар сұрақтарға бірлесіп жауап іздеп, ұйымшылдық пен белсенділік танытты.
Іс-шара соңында барлық қатысушы марапатталды. Жеңімпаз командалармен қатар, белсенділігімен және командалық жұмысымен ерекшеленген жастар да атап өтілді.
🔍Толығырақ сайтта : ortalyq.kz
Шет ауданында колледж студенттері құқық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтерінің жұмысымен танысып, құқықтық білімдерін сынады. «Заң мен тәртіп аумағы» атты іс-шараға алты команда қатысты
1 / 4
Ұқсас материалдар

Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары туралы
Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды
Ақмола облысының әкімдігіАшу
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерінің зияткерлік меншік саласындағы ведомстволары басшыларының екінші отырысы өтті
ҚР Әділет министрлігіАшуМақтаарал ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша конкурс қорытындыланды
Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратыАшу
"Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Шет ауданында студенттер құқықтық квестте білімдерін сынады
Шет ауданының әкімдігіАшу
«Visit Karaganda» туристік ақпараттық орталығының командасы
Шет ауданының әкімдігіАшу
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
Шет ауданының әкімдігіАшу
Ақжал кентінде Республика күніне орай және "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Сакен Сейфуллин көшесінің бойында жаңа саябақтың ашылу салтанаты болып өтті
Шет ауданының әкімдігіАшу
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Ақжал кентіндегі Сейфуллин көшесінің бойында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жаңа саябақтың ашылуы өтті
Шет ауданының әкімдігіАшу